Қарақұм көтерілісі
1930 жылы шілде айының ортасында Табын, Қыпшақ, Алтын, Шөмекей руларының өкілдері жиналып Алтын руынаншыққан Жұбанов Қожбанды хан сайлайды. Ханға Жаппас руынан Махамбетов Әшірбекті Алтын руынан Жанбосынов Қабылды, Табын руынан Рахманқұлов Мирашты, Қыпшақ руынан Ержан деген кісіні орынбасар етіп бекітеді. Шілде айының аяғында көтерілісшілер саны мың қожалыққа жетеді. Көтерілістің негізгі себебі қолдағы бар малды тартып алған ұжымдастыру кезіндегі өкімет саясаты болатын. 21-тамыздағы көтерілісшілермен қақтығыс кезінде тоғыз қызыл әскер өліп, төрт адам жараланды. Сол жылы желтоқсанда қызыл әскер басшылары қантөгіспен аяқталған соғыс қимылдарына көшіп, 8- желтоқсанда Көжебай сайында көтерілісшілерді талқандайды. Осы соғыста сомолеттер, радиостанциялар, пулеметтер сынақтардан өтті. Ұңғысына құм түсіп кетсе атылмай қалатын болғандықтан Дегтярев пулеметін жетілдіру қажеттілігі анықталды. «Максим» пулеметі, Томпсонның пулемет-автоматы, қол гранаталары әскери сыннан мүдірмей өтті.
Жаркөң оқиғасы
1930 жылдардағы ұжымдастыру кезіндегі қанды оқиға. Бұрынғы Қарсақбай ауданы, Байқоңыр елді мекеніне қарасты Жаркөң деген жерде орын алған. Қырықтайлақ деген өңірде елден жиып алған малды иелерінің алып кетуіне байланысты бұл шаруа өкіметке жасалған қастандық ретінде танылып ауданнан қызылдың командирі Галкин бастаған арнайы топ бүлікшілерге қарсы шығады. Таң енді ата бастағанда әскер ауыл шетіне ілігіп өздерінің күш көрсету әрекеттерін бастайды. Осы уақытта Оспан деген ауыл азаматы Галкинді атып салады. Тек бір ғана адам Жандостың Жөкебайы деген кісі өтірік құлап суға сүңгіп кетіп құтылады. Осы қанды оқиғаға байланысты Қарсақбай кентінде бабаларымыз еске алу үшін ескерткіш орнатылды.
Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.175): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/ulyt-sch17.testim.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46
