Қола дәуірінің негізгі орталықтарының бірі – Орталық Қазақстан. Академик Ә. Х. Марғұлан бастаған Орталық археологиялық экспедициясы көп жылдар бойы Сарыарқа жерінде зерттеулерін жүргізді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде Жезқазған өңірінде анықталған көне пеш орындары Кресто Петро, Златауст, Милықұдық, Талдысай т.б атауға болады. Ежелгі кен өндірушілер кенді тотықтандыру қайталау отпен өндіру, үгіту әдістерін меңгерген.
Байқоңыр аулынан қола дәуіріндегі керемет, құнды экспонат табылды. Қоладан құйылған шапқы немесе шаппа шот Байқоңыр ауылы Қарғалы өзенінің бойындағы, Амангелді қастағынан табылған. Оны тауып алушы ауыл тұғыны Мұқанбетқали ата. Қола шапқы ғылымда «Бронзовый кельт малой формы» деп негізделген екен. Саыарқаның «Көне металургиясы» атты еңбегінде Ә. Х. Марғұлан Орталық Қазақстанда кельт және кельт тәріздес тапориктердің бас аяғы 20 шақтысы табылғанын жазады. Осы кельт тапориктер Ресейдің кунсткамерасында эрмитажда орын алған. Бұл біздің өңірден алғаш табылып отырған қола шапқы.
Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.175): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/ulyt-sch17.testim.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46
