Қарғалы өзені басын Байқоңыр ауылының солтүстік жағалауында жатқан тау шоқыларынан алатын өзен. Қарғалының Жоса, Сөре, Қияқты деп аталатын үш саласы бар. Өзеннің бойында жазықта "Қалмаққырылған," "Мұртты обалар" кездеседі. Сонымен қатар 1930 жылдардағы "Ұжымдастыру" кезіндегі әйгілі "Жаркөн оқиғасыда осында орын алған. Қурайлы Бұланты өзенінің бір саласы. Қурайлы басын Зорадыр, Айтуар қыраттарынан алады. Ұзындығы 40 - шақырымға созылатын Қурайлы өзені Бұлантыға Құйған қыстағының сол жақ қолтығынан келіп құяды.Құйғанда көне мектеп орны бар.Қурайлы бойында осы өңірге белгілі тұлға Байқұла бидің қыстағы қорымы бар.Ақын жерлесіміз , айтыс өнерінің жанашыры Жүрсін Ерман Байқұла бидің ауылында туған. Қурайлыда, Тайқошқар қыстағы маңында "Мұртты оба", Диірмен қыстағы тұсында әлі зерттелмеген петроглифтер кездеседі.
Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.175): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/ulyt-sch17.testim.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46
