Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Ұлытау облысы білім басқармасының Ұлытау ауданының білім бөлімінің №17 жалпы білім беретін мектебі КММ
Жүгіру жолы
Ұлытау облысы білім басқармасының Ұлытау ауданының білім бөлімінің №17 жалпы білім беретін мектебі КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/ulyt-sch17.testim.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.175): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/ulyt-sch17.testim.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46

Ауылымыздағы келесі бір тарихи ескерткіш Қойлыбай әулие кесенесі. Кесене Байқоңыр ауылынан солтүстік қарай 100 шақырым жерде Дулығалы өзенінің Ащылы деп аталатын саласының бойында бестаңбалы Қыпшақ ұлысының Бұлтың атасынан шыққан Қойлыбай Рақпанұлына арнап салынған. Қойлыбайдың бойына көріпкелдік, бақсы – балгерлік қасиеттер жасынан дарыған. Осы қасиеттерді ол ауру – сырқауларды емдеуге қолданған. Соның арқасында оның есімі бүкіл қазақ даласына кеңінен тараған. Еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда нарықтың қиыншылығына қарамастан ұрпақтары желдің өтінде, күннің көзінде бір төмпешік болып жатқан әулиенің басына кесене тұрғызды. Кесене алты қырлы, мәйіт жатқан жердің төбесі ашық. Кесененің алдыңғы кіреберісінің төбесі жабық, биіктігі 8 метр. 
Тағы бір тарихи ескерткіш – Дулығалы мешіті. Қыпшақ тайпасының Бердікей атасынан шыққан Құлмұханбет Арыстанбайұлы Меккеде білім алған. Дулығалы мешіті Құлмұханбет ишанның жобасымен шамамен 1860 жылдары салынған. Тоғыз күмбезді. Сыртын қаптаған қызыл кірпішті қалып жасатып құйдырып, күйдірген. Қолдан жасалған сол құрылыс материалдарының сондай қаншама уақыт өтсе де шеті мұқалмастан әлі тұр. Құлмұханбет кесенесі мен мешіті Қойлыбай кесенесінен шамамен 20-25 шақырым жерде тұр.