Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Ұлытау облысы білім басқармасының Ұлытау ауданының білім бөлімінің №17 жалпы білім беретін мектебі КММ
Жүгіру жолы
Ұлытау облысы білім басқармасының Ұлытау ауданының білім бөлімінің №17 жалпы білім беретін мектебі КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/ulyt-sch17.testim.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.175): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/ulyt-sch17.testim.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46

Бұл ашық аспан астындағы музейдің ғұмыр жасы зерттеушілердің анықтауы бойынша біздің заманымызға дейінгі ІІ-І ғасырларға жатады. Кешен Байқоңыр ауылынан іргесінен басталып, 25 шақырымға созылып жатыр. 1000-нан астам жартас суреттері (петроглифтер) бар. Таңбалының жартас суреттері негізінен қола дәуіріндегі өмірді суреттейді. Ұлытау өңірінде Теректі, Байқоңыр, Тасөткел, Зыңғыртау таңбалы тастары бар. Осы таңбалы тастар қазіргі кезде табиғаттың кейбір құбылыстарынан жойылып кетуге шақ тұр. Теректі петроглифтеріне жыл сайын көптеген туристер, зиярат етушілер ағылып келіп жатады. Қазіргі таңда ол жерге абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, ескерткішке ерекше көңіл бөлініп жатыр. Біз үшін ол қуанарлық жағдай. Ал басқа петроглифтерді бірі білсе, бірі біле бермейді. Байқоңырды айтар болсақ, ондағы тасқа салынған суреттер Байқоңыр өзені бойының 25 шақырымын алып жатқан сан жетпес ғажап бейнелер.  Жалпы, тастағы бейнелер өзеннің екі жақ жағалауында жартастарда топтарымен жиналған. Тастағы петроглифтер жалпақ тастар бетіне салынған, су бетінен 2-4 метр биіктікте және оңтүстік-шығысқа беттелсе, басқалары солтүстікке беттеліп орналасқан. Көптеген сурет салуға ыңғайлы жалпақ тастар пайдаланылмаған. Бұзылған, жарылған бейне суреттердің көп жерлерде көшірмелері кездеседі.